«100 грамы 100 доллар». Профессор киік етін өңдейтін зауыт салуды ұсынды

30 Қаңтар 2023, 14:05
1988
Бөлісу:
«100 грамы 100 доллар». Профессор киік етін өңдейтін зауыт салуды ұсынды

Биология ғылымдарының докторы, Астана халықаралық университетінің профессоры Мұрат Нұрышев киік етін өңдейтін зауыт салуды ұсынды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ет комбинатын ашпас бұрын біз киіктерден қандай өнім жасайтынымызды нақты біліп алуымыз керек. Мүйізден тұяққа дейін бәрін қайта өңдеу керек. Бізге мамандандырылған ет өңдеу зауыттары қажет. Неге дейісіздер ғой?  Өйткені олардың ауруы басқа, ауылшаруашылығы жануарларының ауруы басқа, - деді Мұрат Нұрышев Қазгидрометтегі брифингтен соң. 

Сарапшының сөзінше, киіктің етінің 100 грамы шамамен 100 доллар болуы керек.

Шетелден іздеп келетіндер көп. Себебі бұл өте пайдалы ет. Киіктер шөптің 50 түрінен біреуін ғана таңдап жейді. Ал жылқы сегіз шөптің бірін жейді. Осындай талғампаздығының арқасында мамонттар мен жүнді мүйізтұмсықтар дәуірінен бері аман келе жатыр. Біз киіктерді тереңдетіп зерттесек, елімізден бірнеше Нобель сыйлығының лауреаты шығуы мүмкін, - дейді Мұрат Нұрышев.

Өзгелердің жаңалығы