10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдікті Дубайдан ұсталды

20 Наурыз 2024, 22:37
654
Бөлісу:
10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдікті Дубайдан ұсталды
Фото: скрин

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Бүгін Бас прокуратура мен ІІМ қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті Ш-ны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады.

Ол 2010 жылы танысын алдау арқылы банктен несие алу үшін кепілдік беруші ретінде әрекет етуге көндірген және ақшаны алғаннан кейін жасырынып, жәбірленушіге 260 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, 10 жылдай халықаралық іздеуде болған.

Өткен жылдың соңында ол Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы