10 қазанға арналған ауа райы болжамы

10 Қазан 2022, 08:20
573
Бөлісу:
10 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон әсер етеді. Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің шығыс аймактары циклон жырасының және соған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болғандықтан, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, батыста, солтүстікте және орталықта тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы