10 мыңнан астам павлодарлық тұмауға қарсы екпе алды

3 Қазан 2024, 13:44
427
Бөлісу:
10 мыңнан астам павлодарлық тұмауға қарсы екпе алды
Фото: BAQ.KZ -архив

Павлодар облысында маусымдық вирустық аурулармен күрес жұмыстары қызу. Бүгінгі күнге дейін он мыңнан астам тұрғын екпеге қарсы екпе алып үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Тұмауға қарсы вакцина сатып алуға өңір бюджетінен 88 млн теңге бөлініп, екпенің 90 мың дозасы сатып алынды. Ресейде өндірілген препарат жылдар бойы тиімділігін дәлелдеген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Дәулет Жетпісовтің айтуынша, қыркүйек айында жіті-респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтырудың 46655 дерегі тіркелді.

14 жасқа дейінгі балалар арасында 30 мыңнан астам факті тіркелді. ЖРВИ жұқтырған 100-ден астам тұрғын ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар, 137 адамға пневмония диагнозы қойылды. Облыста маусымдық аурулармен күрес бойынша кешенді шаралар жоспары бекітілді. Негізгі міндет – иммундау науқанын өткізу. Вакциналау маусымына 121 дәрігер мен жүзден астам медбике жұмылдырылады, - дейді Дәулет Жетпісов.

Вакциналау жұмыстарын өткізу үшін емханалардың жанынан 340 екпе кабинеті ашылды. Медициналық пункттер мектептердің жанында да жұмыс істейді. Сонымен қатар, екпе салу бойынша облыс бойынша арнайы бригадалар құрылды. Ал мобильді бригадалар тұмауға қарсы иммундау жұмыстарын халықтың сұранысы бойынша жүргізеді.

Облыс аумағында инфекцияларға қарсы төтеп беріп, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың 11,9%-ын иммундау қажет. Иммунитет бірнеше апта ішінде қалыптасады.

Дәрігерлер маусымдық аурулардың қандай да бір белгісі пайда болса, ауруханаға бару керектігін ескереді. Жеке бастың гигиенасын сақтауға да кеңес береді. Өйткені, кез келген вирустық дерт асқынып кетуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы