Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жоғары оқу орындарында шалғай аудандардан келген студенттерді жатақханамен қамту мәселесі тұр. Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Үкімет пен Amanat партиясының тапсырмасына сәйкес, жылына 10 мың жатақхана орны енгізіледі. Биылдың өзінде бірқатар жаңа нысан ашылып отыр. Баға саясатына келсек, ол елеулі түрде өспейді,- деді ол.
Әмірбекұлы атағандай, өңірлердегі жатақхананың бағасы 10 мың теңгенің айналасында тұр.
Жекелеген жоғары оқу орындарында баға көтерілсе, тамақтану немесе киімдерді жуу сияқты қосымша қызмет енгізілуі мүмкін. Ол келісімшарт негізінде ғана өседі. Университет біржақты шешім қабылдамайды. Студент не талапкер ол бағаға келіссе ғана тұрады, - деді ол.
Сондай-ақ Ержан Әмірбекұлы оқу ақысының өсуіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.