10 мың кәмпит. Белсенділері мереке қарсаңында сыйлық таратты

7 Наурыз 2023, 17:53
972
Бөлісу:
10 мың кәмпит. Белсенділері мереке қарсаңында сыйлық таратты

Жаңа Адамдар белсенділері Қазақстанның мықты, әрі танымал әйелдерінің жолдауы бар 10 000 кәмпитті мереке қарсаңында сыйға тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

100 жылдан бері әлемде жыл сайын Халықаралық әйелдер күні аталып өтеді. Бірақ, осыдан екі жүз жылдай бұрын әйелдер дауыс беруге де қатыса алмайтын, тіпті жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндігі болмайтын. Ал қазір ше? Өкінішке қарай Қазақстан қоғамында әйелдерге кемсіте қарап, құқықтарын бұзу жайттары әлі де кездесіп тұрады. Оның біраз мысалдарын бәріміз білеміз. Демек, әлі де күресті тоқтатпау керек.

10 мың кәмпит. Белсенділері мереке қарсаңында сыйлық таратты

Жаңа Адамдар белсенділері Халықаралық әйелдер күніне қарай жетістікке жетіп қана қоймай, өз саласында үздік атанған танымал, әрі табысты қазақстандық әйелдердің жолдауы жазылған 10 000 кәмпит дайындады. Өз ісінің шебері атанған әйелдер «арманыңызға қорықпай талпынсаңыз,бұл өмірде бәрі мүмкін» деген үндеумен жеке жағдайларын үлгіге салды. Олар кез келген қыз бала атақты ғалым да, табысты саясаткер де немесе бүкіл әлемге әйгілі боксшы бола алады деген сенім артты.

10 мың кәмпит. Белсенділері мереке қарсаңында сыйлық таратты

Мотивациялық жолдауларды жазғандар:

  • Нэлли Бубэ - ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, суретші, график, иллюстратор.
  • Аида Балаева - Қазақстан мемлекетінің қайраткері. 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі. Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты.
  • Баян Мақсатқызы - қазақстандық продюсер, Shine Production компаниясының басшысы, тележүргізуші, актриса, әнші.
  • Айсұлу Ерниязова - Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі.
  • Дамель Мектебепбаева - Биотехнолог, Қозыбаев университетінің проректоры, NASA-ға түскен алғашқы қазақстандық.
  • Назым Қызайбай - қазақстандық боксшы, жеті дүркін Қазақстан чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы.
  • Динара Сәдуақасова - шахматтан 4 дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы, халықаралық гроссмейстер.
  • Құрарбек Еңлік - қазақстандық шоу-бизнестің жұлдызы.
  • Әсел Баденова - Жаңа Адамдар жастар қозғалысының көшбасшысы.

 Сіздердің қолдарыңызда тұрған – Қазақстанның әйгілі әйелдерінің «жолдаулы кәмпиттері». Әрбір кәмпитте – сіздерге деген жолдау бар, онда – жеңісінің күресі, бастысы бірегей тарихы жазылған. Бұл кәмпиттер тек сыйлық қана емес, өз армандарыңызды қалдырмай, қалай да болса жүзеге асыруға талпыныс жасауға үндеу. Өйткені сіздердің жұмыстағы, спорттағы, бизнестегі, отбасындағы, өмірдегі жеңістеріңізден Қазақстанымызды тек қана көркейеді!, - дейді Жаңа Адамдар белсендісі Рашит Ризабек.

Өзгелердің жаңалығы