1 тамыздан бастап Tarlan Astana желісінде жаңа тарифтер күшіне енеді

Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде тарифтер жүйесі енгізіледі.

30 Шілде 2026, 16:27
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 30 Шілде 2026, 16:27
30 Шілде 2026, 16:27
205
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

2026 жылдың 1 тамызынан бастап Астанада LRT жолаушылары үшін кеңейтілген тарифтер қолданыла бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «City Transportation Systems»-ге сілтеме жасап.

Компания бір реттік жол жүру құны бұрынғыдай 200 теңге болып қалатынын нақтылады.

Мерзімдік тарифтер:

• 1 күн - 500 тг;

• 3 күн - 1 500 тг;

• 5 күн - 2 500 тг;

• 10 күн - 4 000 тг;

• 15 күн - 5 000 тг;

• 1 ай - 7 500 тг;

• 3 ай - 20 000 тг.

Белгіленген сапарлар саны бар тарифтер:

• 5 сапар - 900 тг;

• 10 сапар - 1 800 тг;

• 20 сапар - 3 500 тг;

• 30 сапар - 5 000 тг.

 

Қолданылу шарттары мен ережелері

Айлық жол жүру билеттері ағымдағы айдың 15-іне дейін (15-і қоса алғанда) сатып алынса, осы айдың соңына дейін жарамды болады. Егер жол жүру билеті 15-інен кейін сатып алынса, ол келесі айдың 1-інен бастап күшіне енеді.

«Тариф сатып алынған күнтізбелік ай бойы – 1-інен бастап 30-ы немесе 31-іне дейін әрекет етеді. Күндік жол жүру билеттері мен сапар пакеттері алғашқы валидация кезінде белсендіріледі және күнтізбелік күннің соңына дейін немесе төленген сапарлар саны таусылғанша жарамды болады», – деп хабарлады компания.

Жол жүру билеттерін LRT станцияларындағы кассалардан сатып алуға болады. Олар Tarlan Astana жүйесінің көліктік карталарына жазылады. Карта балансын станциядағы кассадан немесе терминал арқылы тексеруге болады.

«Көліктік карта жоғалған жағдайда, белсендірілген тарифтер қалпына келтірілмейді және басқа картаға ауыстырылмайды. Тарифтер тек Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде ғана жарамды. Қазіргі уақытта Астананың автобус желісімен де интеграциялау жұмыстары жүргізілуде», – деп атап өтті CTS.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда алғашқы LRT желісінің құрылысы аясында ескі тіректерді алып тастау жұмыстары басталатыны хабарланды

Тағы оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?

Астана әуежайында автотұрақ тарифі 1 тамыздан бастап өседі

1 тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді?

Наверх