1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы өседі

12 Маусым 2023, 22:10
941
Бөлісу:
1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы өседі
Фото: baq.kz

1 шілдеден бастап орманшылардың айлығы өседі, ал материалдық-техникалық базасы 2027 жылға қарай 100 процентке жаңарту жоспарланған. BAQ.KZ бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың сөзіне сүйеніп хабарлайды.

Министрдің мәліметінше, елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінген. Ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге қарастырылған.

Былтыр және биыл болған өрттерде, жалпы орман шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдайды көрсетеді. Осы мәселені Мемлекет басшысы да айтып өтті. Әрине, осы мәселеге байланысты өртті болдырмау, алдын алу, сонымен қатар материалдық-техникалық қамсыздандыру, орманшылардың жалақы мәселелері қосымша пысықталады, – деді министр Зүльфия Сүлейменова.

Өзгелердің жаңалығы