1 шілдеден бастап Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысын тоқтатады

21 Маусым 2023, 17:35
1246
Бөлісу:
1 шілдеден бастап Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысын тоқтатады
Фото: gov.kz

1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай, Қазақстанда жұмыспен қамту орталықтары жойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың орнына облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда Еңбек мобильдігі орталықтары құрылады. Мұндай орталықтардың филиалы Мансап орталығы деген атаумен жұмыс істейді.

Еңбек мобильдігі орталықтары "Халықты жұмыспен қамту туралы" ҚР заңы негізінде жұмыс істейді. "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Күміс жас", "Ұрпақтар келісімшарты" жобаларын жүзеге асырады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда қазақстанда 207 жұмыспен қамту орталығы бар.

Өзгелердің жаңалығы