1 сәуір, сенбіге арналған ауа райы болжамы

1 Сәуір 2023, 07:48
1104
Бөлісу:
1 сәуір, сенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазгидрометтің мәліметінше,1 сәуір күні Қазақстанның басым аумағында кең әрі суық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, салқын күн райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың тек батысында циклон жырасының және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, найзағай болжанады. Таулы аудандардың оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын түсуі ықтимал. Республика бойынша елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында екпінді жел тұрып, оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста тұман болады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр күтіледі.

Жетісу облысында, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан жоғары жылдамдықта жел тұрады.

Өзгелердің жаңалығы