1 қыркүйектен бастап стипендия қанша болады

23 Тамыз 2023, 12:55
6919
Бөлісу:
1 қыркүйектен бастап стипендия қанша болады
Фото: Арман Мухатов - архив

Үкіметтің 2023 жылғы 17 тамыздағы Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және мөлшерлері қағидаларында шәкіртақылардың жаңа өлшемдерін белгілейтін қаулысының мәтіні жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шәкіртақы мөлшері:

жоғары оқу орындарында білім алатын студенттерге, оқытудың педагогикалық бағыттары мен «Денсаулық» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, – 41 898 теңге (қазір шәкіртақы 36 660 теңге);

педагогикалық бағытта оқитын студенттерге – 67 200 теңге (қазір – 58 800 теңге);

жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында «Денсаулық сақтау» оқыту бағыты бойынша оқитын студенттерге – 67 200 теңге (қазір – 58 800 теңге);

интерндер – 75 890 теңге (қазір – 66 403 теңге);

магистранттарға – 97 024 теңге (қазір – 86 987 теңге);

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға – 181 250 теңге (қазір – 162 500 теңге);

докторанттар – 217 500 теңге (қазір – 195 000 теңге);

«Денсаулық сақтау» оқыту бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге (қазір – 195 000 теңге);

«Денсаулық» оқыту бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңге (қазір – 100 036 теңге);

мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары үшін – соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақысы деңгейінде, бірақ Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары үшін белгіленген мемлекеттік стипендия мөлшерінен төмен емес мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын магистранттар;

жұмысшы біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 32 681 теңге (қазір – 21 787 теңге);

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімге – 31 422 теңге (қазір – 20 948 теңге).

Өзгелердің жаңалығы