1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

21 Маусым 2023, 14:58
1181
Бөлісу:
1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады
Фото: Артём Чурсинов

СҚО-да 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте облыс басшысы Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл өңір бюджетінің жалпы көлемінің үштен бірі білім беру саласына бағытталды. Бұл 149,9 млрд теңге. 4,3 млрд теңге сомасына 49 білім беру нысанын күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Материалдық-техникалық базаны 2,8 млрд теңгеге нығайту көзделіп отыр, - деп айтты Айдарбек Сапаров.

Оның айтуына қарағанда, облыста 1-4 сыныптың барлық баласы тегін тамақпен қамтылады.

1 қыркүйектен бастап облыстың барлық мектептің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатқа бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді, - деп түсіндірді әкім брифингте.

Өзгелердің жаңалығы