1 қарашадан бастап Алматыдағы екі ірі даңғылды жалғайтын көше жабылады

 Астана қаласының әкімдігі 31 Қазан 2026, 19:12
31 Қазан 2026, 19:12
165
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Алматыда қаланың екі ірі даңғылын – Абай мен Райымбек даңғылдарын жалғайтын Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады. Бұған жөндеу жұмыстары себеп болып отыр.

Бұл туралы мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Брусиловский көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, 1 қараша сағат 22:00-ден 3 қараша сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі аралықта жол жабынын төсеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы тоқтатылады, - деп жазылған хабарламада.

Наверх