1 қарашада Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Мұндай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап, бұл адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

 pixabay 1 Қараша 2026, 07:15
1 Қараша 2026, 07:15
121
Фото: pixabay

1 қарашада Қазақстанның 11 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болжанып отыр. Тұрғындарға жолға шығуды жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеруге кеңес беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 1 қарашада ҚМЖ Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Түркістан, Атырау және Астана қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, баяу жел, тұман, температуралық инверсия) үйлесуі.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап, бұл адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ауаның ластану деңгейіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы. Оған жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы жатады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде мамандар мынадай сақтық шараларын ұсынады:

  • Ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқарту. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тарту ұсынылады.
  • Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиясы бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.
  • Ашық ауадағы дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан жөн.
Наверх