1 наурызда «Qazaqstan» телеарнасында партиялар пікірсайысы өтеді

27 Ақпан 2023, 21:53
4077
Бөлісу:
1 наурызда «Qazaqstan» телеарнасында партиялар пікірсайысы өтеді

Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аясында 2023 жылғы 1 наурызда «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы пікірсайыс өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пікірсайысқа сайлауға түсетін 7 партия өкілі қатысады.

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев,  «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Дүйсенбинов Берік, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев 4 кезең бойынша өзара пікірсайысқа түседі.

Тікелей эфир уақыты: 1 наурыз 20:30-да. Пікірсайыс «Qazaqstan» телеарнасының You Tube, Facebook және Telrgram-арналары арқылы да тікелей трансляцияланады.

Өзгелердің жаңалығы