1 наурызға арналған ауа райы болжамы

1 Наурыз 2019, 08:15
2602
Бөлісу:
1 наурызға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз  болады. Кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде қар жауады, оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды.


Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, күндіз екпіні 29 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, Жарма ауданында жел 25 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 18 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, күндіз жел 18 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Қарағанды ​​облысының кей жерінде тұман, тұман, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Өзгелердің жаңалығы