1 мамырға арналған ауа райы

1 Мамыр 2020, 08:37
1466
Бөлісу:
1 мамырға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының тұрақсыз сипаты республиканың басым бөлігінде сақталады, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп болжайды синоптиктер.

Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, күндіз оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман, түнде солтүстікте аяз болады.

Ақмола және Жамбыл облыстарында кей жерлерінде 15-20, кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде күшті жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысының  басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін жел күшейеді.

Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады.
Өзгелердің жаңалығы