Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Асхат Жапсарбай ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да коммуналдық саладағы табиғи монополия субъектілерін реттеу туралы өткен брифингте айтты.
Биылғы 1 сәуірден бастап Энергетика министрлігі орташа 15% өсіммен 37 энергия өндіруші ұйымға тарифтерді бекітті, бұл соңғы тұтынушы үшін электрмен жабдықтау бағасына және жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау тарифтеріне мультипликативтік әсер етеді. Осыған байланысты электрмен жабдықтау бағасының өсуі ел бойынша орта есеппен 12,5%-ды құрады. Бұл ретте халық үшін бағаның өсуі орта есеппен 10%-ды құрады. Айта кету керек, бұл өсім 2020 жылға қарағанда жоғары, - деді ол.
Асхат Жапсарбай айтқандай, 1 шілдеден бастап Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға үстемеақы енгізді.
Бұл ретте ЖЭК үстемесін ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдар тарифтерінің өсуі орта есеппен 7,2%-ды, соңғы тұтынушы үшін электр энергиясы бағасының болжамды өсуі 3,5%-ды құрады. Бұл әзірге болжам. Сондай-ақ 1 шілдеден бастап тауарлық газға көтерме бағалардың ел бойынша орта есеппен 10%-ға ұлғаюына және жекелеген өңірлерде тауарлық газды тасымалдау тарифтерінің өзгеруіне байланысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап түпкілікті тұтынушылар үшін тауарлық газ бағасының өсуі шамамен 6% - ды құрады, - деді ол.
Ол атағандай, өндіруші ұйымдарға тарифтердің көтерілуі тұтынушыларға орташа есеппен 7,2 пайызға өсуіне алып келуі мүмкін.
Өңір бойынша бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Әртараптандыруды жүзеге асырып жатырмыз. Халықтың топтарына бұл қатты әсер етпеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.