Былтыр табиғи монополиялар заңнамасын бұзғандарға 1 млрд теңге айыппұл салынды

18 Тамыз 2021, 12:44
1760
Бөлісу:
Былтыр табиғи монополиялар заңнамасын бұзғандарға 1 млрд теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да коммуналдық саладағы табиғи монополия субъектілерін реттеу туралы өткен брифингте айтты.

Президенттің 2019 жылғы 19 маусымдағы тапсырмаларын орындау аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануға және коммуналдық қызметті ынталандыру қатынасын қалыптастыруға арналған шаралар қабылданды. Комитет табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін былтыр 1 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды, - деді ол.

Жапсарбай айтқандай, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 412 қаулы шығарылды.

Оның ішінде мемлекет кірісіне 631,2 млн теңге, 2021 жылдың 1-жартыжылдығы үшін әкімшілік айыппұлдар – 332,8 млн теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 173,7 млн теңге өндірілді. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында 2020 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 390 нұсқама енгізілді, оның ішінде 244-і орындалды. 2021 жылдың 1- жартыжылдығында табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларының бұзылуын жою туралы 270 ұйғарым енгізілді, оның ішінде 162 ұйғарым орындалды, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы