1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдары жаңа жүйеге көшеді

28 Тамыз 2021, 16:04
2333
Бөлісу:
1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдары жаңа жүйеге көшеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай айтты.

Жаңа оқу жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша офлайн форматта басталады. Былтыр кәсіби педагогтардың қажырлы еңбектері арқасында қиындықтарды еңсеріп, биылғы жаңа оқу жылын жүйелі жоспарлай алдық, - деп атап өтті ол.

Басқарма басшысы атап өткендей, қала мектептерінде оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылданды. 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдары жаңа жүйе бойынша жұмысты бастайды.

Дезинфекциялық шараларды өткізу, ылғалды тазалау, бөлмені желдету және кварцтау, термометр жүргізу, арақашықтықты сақтау, кабинеттердің жұмыс істеуі, мектептегі мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің вакцина алуы, оқу процесін ауысыммен ұйымдастыру, асхана жұмысын кестеге сәйкес қою, медициналық кабинеттер мен маска режимінің сақталуы сияқты шаралар жүргізіледі, - деп түсіндірді Шәкәрім Сейсенбай.

Барлық білім беру ұйымы санитарлық талаптарға сай. Дезинфекциялық құралдар мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

Өзгелердің жаңалығы