1 қазаннан бері 20 адам суға кетті – Талғат Уәли

9 Желтоқсан 2020, 15:08
2623
Бөлісу:
1 қазаннан бері 20 адам суға кетті – Талғат Уәли
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1 қазаннан бастап балық аулау мен аң аулау маусымы басталды. 

Осы орайда бүгін балық аулау орындарына профилактикалық рейд жүргізілді. ТЖМ маусым басталғалы елімізде балалардың, кәсіби және әуесқой балықшылардың мұз жарылып, су астына түсіп кетіп жатқан оқиғаларының жиілеп кеткендігін ескертеді.


Биылғы статистика бойынша, еліміз бойынша 1 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін 20 адам мұз жарылып, су астына кетіп, қаза тапқан. Оның ішінде 5-уі - бала, 15-і - ересек адам. Ересек адамдар көбінесе балық аулауға барған кезде қарапайым сақтық шараларын сақтамай, мерт болып кетуде. Ал балалар ересектердің қарауынсыз қалып, мұз бетінде ойнап жүріп, су астына кетіп қалып жатыр. Мұндай оқиғалар Алматы, Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарында тіркеліп жатыр. Осыған орай, барлық ата-ана мен балықшыларға барлық ережені қатаң сақтауға шақырамыз, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

суга.JPEG

Сондай-ақ, ол кеше Қызылорда облысында тіркелген қайғылы оқиғаны мысал етті.

Кеше ғана Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Қамбаш көлінде «УАЗ» автокөлігімен 7 балықшы балық аулауға шығып, жағадан шамамен 3 шақырымдай жерге алыстаған. Кейін мұз жарылып, көлік судың астына кеткен. 3 балықшы өз күштерімен судың бетіне шығып үлгерген, ал қалған 4 балықшы көліктің ішінде қалып қойып, қаза тапты. Олар 1985, 1981, 1994 және 1970 жылы туған азаматтар. Іздестіру жұмыстары 2 күн бойы жүргізілді, - деп атап өтті ТЖМ өкілі.
0518679A-FD2C-4BD7-9491-E7EAC94EBA5A.JPEG

Ол азаматтардан балық аулау кезінде барлық сақтық шарасын сақтауға шақырды. Қарапайым сақтық шаралары өмірді құтқарып қалуға кепілдік береді. 

Өткен күз және қыс маусымында, яғни 2019 жылғы 1 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 наурызға дейін еліміздің су айдындарында балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан, сондай-ақ мұз өткелдері арқылы өту кезінде 37 адам, оның ішінде 10 бала қаза болды, - дейді Талғат Уәли.
C68C183D-1729-4844-B1A6-7DE07055BD5E.JPEG

ТЖМ адамдардың қаза болуының негізгі себептерін атады:

1) 19 адам балық аулау кезінде (жағалаудан және/немесе жүзу құралдарынан) суға құлаған;

2) 7 адам балық аулау кезінде мұз астына құлап кеткен;

3) ойнап жүріп 8 бала мұз астына түсіп кеткен, 2 бала суға құлаған;

4) 1 адам мұз өткелдері арқылы өту кезінде құлаған.

3009622B-F0F9-4D4C-A703-A17224E459E5.JPEG

Жалпы республика бойынша Төтенше жағдайлар департаменттері Полиция департаменттерімен бірлесіп, балық аулау орындарында, мұз өткелдері мен өтпе жолдарда патрульдеу, аралау жұмыстары және рейдтер тұрақты түрде жүргізуде. Күзгі-қыс кезеңнің басынан бері 4 512 патрульдеу және рейд өткізілді, судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау бойынша 15 769 нұсқаулық жүргізілді. Күн сайын қауіпті су айдындарда, әсіресе, өткелдерде, мұз өтпе жолдарында, мұз астынан балық аулау орындарында мұздың қалыңдығын бақылау жұмыстары жүргізіледі. Ол жерлерде 1 095 ескерту белгісі орнатылған, - деп атап өтті Талғат Уәли.
65CB5BBE-64A0-4288-BB44-0EE2DBDD3CEE.JPEG

1 желтоқсандағы жағдай бойынша су айдындарындағы мұздың қалыңдығы:

- солтүстік өңірде - 5-8 см;

- батыс өңірде - 1-3 см;

- орталық өңірде - 10-12 см;

- шығыс өңірде - 25-30 см;

- оңтүстік өңірде - 3-4 см.

Республика бойынша тәулігіне 215 құтқарушы кезекшілікке түседі. 112 нөміріне хабарласып, көмек сұраған адамдарға көмек көрсетеміз. Көп жағдайда адамдар өз күшіне сеніп, мұз бетін кесіп өтпекші болады. Осындай ойланбай жасалған қадамдардың салдарынан адамдардың қаза болып жатқанын көріп отырмыз. Мұздың түсінен оның қаншалықты қалың екенін анықтау мүмкін емес. Оны анықтайтын арнайы құрылғы бар. Оны балықшылар біледі. Бұрғымен қазған кезде оның бір адамға арналған тереңдігі 10-12 см-ден жоғары болу керек. Мұз бетінен жарылған мұзды байқасаңыз, ол жерді айналып өту қажет, - деп ескертті ол.



Өзгелердің жаңалығы