1 ақпанға арналған ауа райы болжамы

1 Ақпан 2020, 08:20
1145
Бөлісу:
1 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша әлі де Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының әсерінде болады. Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысы атмосфералық фронттардың аймағында болатындықтан жауын-шашын күтіледі. Кей жерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста желдің күшеюі сақталады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. 

Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 17-22, күндіз екпіні 27 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. 

Ақтөбе облысында түнде Мұғалжар ауданында желдің екпіні 18 м/с күшейеді. 

Өзгелердің жаңалығы