1,5 жасар бүлдіршін 5 ине жұтып қойған

24 Қазан 2019, 09:45
3648
Бөлісу:
1,5 жасар бүлдіршін 5 ине жұтып қойған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 1,5 жасар қыз ине терапиясында қолданылатын 5 инені жұтып қойған, деп хабарлады 24.kz.

Қыздың ата-анасы жерде шашылып жатқан заттарды көріп, баланың мазасызданып отырғанын байқаған.

"Дәрігерлер шұғыл операция жасады. Хирургтар бүлдіршіннің асқазанынан 3, ал аш ішегінен екі бөгде затты алып шықты. Операция сәтті өтті. Кішкентай пациент ауруханадан шығарылды", - делінген хабарламада. 

Тек осы жылдың ішінде эндоскопист мамандар балалардың асқазанынан біршама бөгде заттар алып шыққан. Олардың ішінде тиындар, шегелер, жүзіктер, батарейкалар, түйреуіштер де бар. 

Дәрігерлер ине жұтқан бүлдіршінді екінші рет көруі. Бұған дейін хирургтар киім тігіп отырып, абайсызда ине жұтып қойған 14 жастағы қызға операция жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы