Маған дауыс бергендерге алғыс білдіремін – Жамбыл Ахметбеков

10 Маусым 2019, 12:57
2532
Бөлісу:
Маған дауыс бергендерге алғыс білдіремін – Жамбыл Ахметбеков
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент сайлауында үміткер болған ҚКХП төрағасы Жамбыл Ахметбеков сайлауда өзіне дауыс берген қолдаушыларына алғыс айтты.

Орталық сайлау комиссиясының ҚР президентін сайлауда дауыс берушілердің алдын ала қорытындысынан кейін Қазақстан коммунистік халық партиясының төрағасы Жамбыл Ахметбеков БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Ол сайлау барысында ешқандай заңбұзушылық болмағанын атап өтті.

«Жаңа ғана Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы жарияланды. Осы қорытындыны біз сараптай келе, 9 маусымда өткен ҚР президенттік сайлауының қорытындысын мойындаймыз деп мәлімдейміз. Сайлаудың нәтижесі кандидаттарға берілген халықтың сенімі, олардың қолдауы деп айта аламыз. Енді сайлаудың ашық және шынайы өткенін де мойындаймыз. Сайлау алды жасалған бүкіл үгіт-насихаттар жұмыстарына жасалынған мүмкіншіліктер орынды болды. Осы арқылы біздің үгіт-насихат жұмыстарын сайлау заңының аясында жүргізіп үлгерді. Жасалған жағдай арқылы сайлау учаскелерінде және алдын ала үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында ешқандай заңбұзушылық орын алған жоқ. Өзіміздің өңірлердегі бақылаушыларымыз және сенімді өкілдеріміз тарапынан ешқандай заңбұзушылық туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Сондықтан біз сайлау барысында жұмыс жасаған менің белсенділеріме, маған дауыс берген сайлаушылардың барлығына алғысымды білдіремін», - деді Жамбыл Ахметбеков.

Маған дауыс бергендерге алғыс білдіремін – Жамбыл Ахметбеков

Сонымен қатар, ол алдын ала қорытынды бойынша сайлаушылардан көп дауыс жинаған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады.

«Бүгінгі сайлаудың нәтижесі бойынша жеңіске жеткен, сенім артып, халықтың дауысын жинаған Қасым-Жомарт Кемелұлын құттықтаймын. Сайлау – Қазақстанның дамуын жалғастырар жол екенін білеміз. Сайлау нәтижесі арқылы біз өз күшімізді, сенімділігімізді тексердік. Облыстағы, қалалардағы, аудандардағы өзіміздің филиалдарымыздың күш-жігерімізді жұмылдыра білдік. Алда болатын күрестің бірі – Парламент Мәжілісінің сайлауына біздің партияның қаншалықты дайын екенін тексерістен өткізіп, соларды жұмылдыра алдық деп ойлаймын. Сондықтан біз бұл сайлауда біз жеңілдік деп есептемейміз», - деп қорытындылады брифинг барысында партия төрағасы. 

Айта кетсек, осыдан бірер сағат бұрын ОСК президент сайлауындағы дауыс нәтижесін алдын ала қорытындысын жариялаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы