Бас жаңалықтар
ОСК-ның алдын ала қорытындысы: Тоқаев сайлаушылардың 70,76% дауысын жинады
10 Маусым 2019, 11:56 413

ОСК-ның алдын ала қорытындысы: Тоқаев сайлаушылардың 70,76% дауысын жинады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының 9 маусымда өткен Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауының алдын ала қорытындысына арналған отырысында белгілі болды. 

"Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысына сәйкес, еліміз бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 мың 249 дауыс немесе 1,83%,  Дания Еспаева 478 мың 153 дауыс немесе 5.2%, Әміржан Қосанов 1 млн 472 мың 733 дауыс немесе 16.02%, Төлеутай Рахымбеков  294 мың 271 дауыс немесе 3.2%, Амангелді Таспихов 190 мың 304 дауыс немесе  2.07%, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 млн 504 мың 054 дауыс немесе 70,76%, Сәдібек Түгел 84 мың 348 дауыс немесе 0.92% сайлаушылардың даусына ие болды", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Естеріңізге сала кетейік, 9 маусымда шыққан әлеуметтік сауалнама – exit poll-дың қорытындысы бойынша сайлауда 70,13% дауыспен бүгінгі президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, exit poll-дың қорытындысына сүйене отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсыластары алдын ала жеңісімен құттықтаған болатын. Атап айтқанда, Төлеутай Рахымбеков пен Жамбыл Ахметбеков табыс тілесе, Сәдібек Түгел мен Амангелді Таспихов, Дания Еспаева exit poll-дың қорытындысымен келісетінін айтты.

Фото: автордан

Сізден жаңалық