Бәрі позитив: Ұлттық экономика министрі қаңтар айы керемет болғанын айтты

11 Ақпан 2020, 10:27
1746
Бөлісу:
Бәрі позитив: Ұлттық экономика министрі қаңтар айы керемет болғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында позитивті жаңалықтарымен бөлісті. Оның сөзіне қарағанда қаңтар айында Қазақстан экономикасы шарықтаған.

Жылдың бірінші айының қорытындылары макроэкономикалық көрсеткіштердің позитивті серпінін көрсетті. Қаңтарда жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,6%-ға дейін жеделдеді. Мысалы, 2019 жылдың қаңтар айында 2,9% болған. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті. Жылдық инфляция 5,6%-ды құрады. Бұл 4-6% нысаналы дәліз ауқымында, - дейді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, қаңтар айы Қазақстан экономикасы үшін керемет болыпты. Соған қарағанда барлық сала дамып кеткен секілді...

Экономиканың барлық базалық салаларында оң нәтиже байқалды. Құрылыс 12,5%-ға, байланыс – 9,8%, сауда 5,2%, өнеркәсіп – 4,1%, көлік – 3,6% және ауыл шаруашылығы 2,6% өсті. Өнеркәсіп өндірісі 4,1%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібі кен өндіру өнеркәсібіне қарағанда озық қарқынмен жылжып жатыр. 7 өңірде өнеркәсіптің өсуі 4,4-тен 19,5%-ға жетті, - дейді министр. 

Оның айтуынша, орташа республикалық деңгейден төмен өсуді 10 өңір көрсеткен.Оның ішінде 3 өңір бойынша төмендеу байқалды.

Өңдеу өнеркәсібі қарқынды өсуді көрсетуде. Өңдеудің өсуі 7,8%-ға дейін жоғарлады. 5 өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары өсу байқалды. Соның ішінде 3 өңірде 15%-дан 40%-ға дейінгі аралықта өсу тіркелді. Атап айтқанда, Қостанай 40%-ға өсті. Бұған машина жасау саласы оң ықпал етті. Атырау 18,2% және Түркістан 15,2% өсу көрсетті, - деді Дәленов.
Өзгелердің жаңалығы