Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында құсбегілер арасында тұңғыш ұйымдастырылған "Бессайыс" турнирі аяқталды.
Жарысқа Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысынан келген барлығы 16 спортшы қатысып, 16 бүркіт, 13 тазы, 6 ителгі, 5 қаршығамен сынға түсті. Нәтижесінде, Республиканың жеті өңірінен қатысқан құсбегілер арасынан жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысы бас жүлдені иеленді.
Жүйрік тазысы мен алғыр қаршығасы бірінші орынды, аударыспақта балуан құсбегісі үшінші орынды, бүркіті екінші орынды иеленген түркістандық команда екінші орынға табан тіреді. Ал, қос ителгісі жүлделі орынға іліккен Алматы облысының командасына "Бессайыс" турнирінің үшінші орыны бұйырды.
"Бессайыс" турнирі. БҮРКІТ:
1 орын – "Жанқияр", иесі – Серікболсын Жалғасұлы (Жамбыл облысы)
2 орын – "Ақбұршақ", иесі – Дәурен Аршабай (Түркістан облысы)
3 орын – "Алатау", иесі – Бабажан Бақдәулет (Жамбыл облысы)
"Бессайыс" турнирі. ҚАРШЫҒА:
1 орын – "Гүлсары", иесі – Паң Төлемырза (Түркістан облысы)
2 орын – "Қоймас", иесі – Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
3 орын – "Жебе", иесі – Бекнияз Қуанышбаев (Атырау облысы)
"Бессайыс" турнирі. ИТЕЛГІ:
1 орын – "Қаракөз", иесі – Медет Шалипов (Алматы облысы)
2 орын – "Ақбас", иесі – Дәурен Аршабай (Түркістан облысы)
3 орын – "Сембалақ", иесі – Нұрболат Ермұхан (Алматы облысы)
"Бессайыс" турнирі. АУДАРЫСПАҚ:
1 орын – Бабажан Бақдәулет (Жамбыл облысы)
2 орын – Серікболсын Жалғасұлы (Жамбыл облысы)
3 орын – Дәурен Аршабай (Түркістан облысы)
"Бессайыс" турнирі. ТАЗЫ ЖАРЫС:
1 орын – "Сұңқар", иесі – Бағдат Кеуенов (Түркістан облысы)
2 орын – "Көкқұс", иесі – Бабажан Бақдәулет (Жамбыл облысы)
3 орын – "Ұшар", иесі – Талғат Ермекбаев (Жамбыл облысы)
Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласының іргесінде құсбегілер арасындағы тұңғыш "Бессайыс" бәсекесі басталғандығы туралы хабарлаған едік.