Құс атуды уақытша тоқтату ұсынылды

7 Қазан 2020, 20:48
1139
Бөлісу:
Құс атуды уақытша тоқтату ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аңшылар жабайы құсты атпағаны абзал. Өйткені солтүстік облыстарда құс тұмауы өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Шығыс өңірдегі аумақтық инспекция өкілдері осылай дейді. Жалпы бұл аймақта күзгі аңшылықпен айналысатын 56 шаруашылық бар. Мамандар Павлодар облысымен шектесетін Бесқарғай ауданының аңшылары атқан үйректерді елордаға арнайы зертханаға жөнелткен. Сол жерде олардан тұмаудың белгілері бар-жоғы анықталады. Қазір шығыстағы өзен-көлдерде 100-ден аса құс түрі мекендейді. 

Ресей мемлекетімен шекралас аудандарда аңшылық ұйымдар мониторинг жүргізілу тапсырылған. Қазіргі күнде ешқандай жабайы құста құс тұмауы анықталған жоқ. Қараша айының аяғына дейін бізде аңшылық маусым ашылған. Аңшылардың бәрі өздеріне рұқсат қағаздарын алып, аңға шығып кеткен. Оларға біз тыйым сала алмаймыз. Бірақ оларға ұсыныс ретінде аңшылықты тоқтата тұруды сұраймыз, – деді Орман және  жануарлар әлемі аумақтық  инспекциясы басшысының орынбасары, Талғат Рахымжанов.



Өзгелердің жаңалығы