Құранды жатқа оқудан байқау өтті

11 Наурыз 2020, 06:36
1487
Бөлісу:
Құранды жатқа оқудан байқау өтті
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық мешітінде балалар арасында "Иманды ұрпақ – ұлт болашағы" атты Құранды жатқа оқу байқауы ұйымдастырылды.


Мешіт жанындағы сауат ашу курсында күнделікті білім алатын шәкірттер арасында өткен жарысқа аудан имамы Мұсабек қажы Тағанұлы арнайы қатысып, үздік шыққан шәкірттерді марапаттады. Қатысушылардың баршасына сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар берілді.

Алғаш ұйымдастырылған игі шараға балалардың ата-аналары куә болып, жоғары деңгейде өткен жарысқа дән риза болып, мешіт ұжымына өз алғыстарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы