Nur Otan-ның Алматы қалалық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады

4 Мамыр 2019, 15:19
2509
Бөлісу:
Nur Otan-ның Алматы қалалық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Штаб жетекшісі, Nur Otan партиясының Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі Рахман Алшанов бүгінгі өткен брифингте мәлімдеп, штабтың сайлауалды жұмыстарының басталғаны жайында толық айтып берді. 

Өз сөзінде ол биылғы 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел басқаруды келесі ұрпаққа тапсыру жөнінде тарихи шешім қабылдағанын және соған байланысты, 2019 жылдың 9 маусымында еліміздің келесі Президентін сайлау науқаны белгіленіне тоқталды. 

«Қазақстанда ең алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауы 1991 жылы 1 желтоқсанда Алматы қаласында өткен еді. Сол сайлауда басым дауыспен сайланған Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның дамуына аянбай еңбек етті. Елде бірлік пен тұрақтылық орнатуға қол жеткізді. Ел астанасын Ақмолаға ауыстырды, қазіргі күні Нұр-Сұлтан қаласын әлем жұртшылығы бейбітшіліктің символы ретінде таниды», - деді ол.

Nur Otan-ның Алматы қалалық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады

Сонымен қатар, ол Елбасының негізгі сүйеніші Nur Otan партиясы болғанын жеткізді.   

«Партия негізгі қозғаушы әрі біріктіретін күш. Қазақстанның саяси партияларының құрылғанына 100 жылдан асыпты. Ең алғаш кодеттер партиясы құрылған екен. Тарихи аренада соңғы жылдары Nur Otan партиясының орны ерекше. Халықты ұйымдастыра білетін, алға тартатын партия бола білді. Алдағы сайлауда Nur Otan партиясы айқын мақсатпен бағындыруды көздеп отыр. Саяси күш болған соң тәжірибесі де бар», дейді ол. 

Сөз арасында ол Nur Otan партиясы атынан президенттікке үміткер болып отырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 315 910 қол жинағанын атап өтті.

«Бүгін таңертең Nur Otan партиясының Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев басқаратын Республикалық сайлауалды штабы ашылды. Енді, міне, 80 мыңнан аса мүшесі бар Алматы қалалық ұйымның сайлауалды штабын ашып отырмыз. Қалалық штабты басқару міндеті партия басшылығының ұсынысымен маған жүктеліп отыр. Мен үшін бұл үлкен сенім әрі жауапкершілік деп білемін», - дейді Рахман Алшанов.

Nur Otan-ның Алматы қалалық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады

Nur Otan партиясының Алматы бойынша 1 қалалық және 8 аудандық сайлауалды штаб құрылған. Олардың құрамында 170 адам жұмыс істейді, сонымен қатар 1500 сенімді өкіл өз үлесін қосады. Штаб құрамдарына елімізге белгілі адамдар кірген.

«Штаб қызметінің негізгі Ең басты мақсат – дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолындағы айқын тапсырмаларды орындау аясында, партияның барлық ресурстары мен беделін бүкіл қоғамды топтастыруға бағыттау. Міндеті – Nur Otan партиясының президенттік сайлауалды науқанының шараларын тиімді үйлестіру және кандидатымыздың бүкілхалықтық сайлауда айқын жеңісіне қол жеткізу. Осы белгіленген сан-салалы, маңызды мақсаттарды жүзеге асыруға қалалық Штаб мүшелері дайын екендігін мәлімдейміз», - дейді Алшанов.

Өзгелердің жаңалығы