Ұлттық музейде қала күніне арналған көрме ашылады

3 Шілде 2019, 15:39
4056
Бөлісу:
Ұлттық музейде қала күніне арналған көрме ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 16.00-де ҚР Ұлттық музейінде бас қаланың туған күніне арналған «Елбасы ерлігі, ел бірлігі – Елордамыз Нұр-Сұлтан» көрмесінің тұсауы кесіледі, деп хабарлады Елорда Инфо. 

Онда отандық майлы бояу шеберлерінің қолынан шыққан туындылар Ұлттық музей қоры мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан суретшілер одағының көркем қорынан алынып қойылады. 

Қазақстан қылқалам шеберлерінің әртүрлі буындағы өкілдерін қамтитын суретшілердің 71 тамаша өнер туындысы экспозицияға қойылады. Олардың әрқайсысының қолтаңбасы өзінше әрқилы және бейнелеу тәсілдері сан алуан.

"Қазақстандық майлы бояу шеберлері бейнелеген қала сонау көне дәуірден бастап бүгінгі замануи кезеңге дейінгі еліміздің мемлекеттілігінің тарихи қалыптасуын көз алдыңызға әкеледі. Мұның бәрінде бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласы мен оның ашық атмосферасы салтанат құрған ежелгі Бозоқ, кәрі Ақмоланың алғашқы құрылыстары, Целиноград тарихы, Астана тақырыбына арналған панорама, қалалық пейзаж, көркем композициялар керемет көрініс тапқан", - делінген Ұлттық музейдің хабарламасында.

Солардың бірқатары: «Ақмола алғашқы қадасы қағылғанда бой көтерген», жасалу мерзімі белгісіз; Евгений Слабоспицкий, «Қазақ хандығының негізін қалаушыларға арналған «Керей мен Жәнібек» монументі; Вера Слабоспицкая, «Көшпенділер» сериясынан «Салт аттылы»; Р.Есеркеев, «Тың дала төсіндегі әуежай», 1966 ж. Т.Абуов, «Тың» 1980 ж. А.Шиманович, «Целиноград бой көтеріп келеді» 1964 ж.

Өзгелердің жаңалығы