Шығыс Қазақстан облысы Құйған ауылының маңындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көлік министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, көпірдің жалпы ұзындығы – 1316 метрді құрайды.
Бүгінгі күні көпір тіректерін салу бойынша жұмыстардың 81 %-ы орындалды: 21 тіректің 17-сі орнатылды, қалған 4 тіректі орнату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ 20 аралық құрылымның 10-ы салынды. Жұмыстарды орындау үшін қажетті алаңдарды қамтамасыз ететін уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталды. Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас қоспасынан жол жабынын төсеу бойынша жұмыстар орындалды. Бұдан әрі құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру үшін барлық қажетті материалдар дайындалды, - деп атап өтті Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.
![Бұқтырма су қоймасында елдегі ең үлкен көпір салынып жатыр](/userfiles/images/%D0%B1%D1%83%D0%BA.jpeg)
Жасалып жатқан жоба өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Жобаның сәтті аяқталуы Абай және Шығыс Қазақстан облысының көлік инфрақұрылымын жақсарта түспек.