БҚО-да 148 мектепте жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытылуда

25 Қазан 2019, 07:49
1831
Бөлісу:
  БҚО-да 148 мектепте жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасының үш тұғырлы тіл саясаты аясында шет тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту білім мекемелерінде жүйелі түрде жүргізілуде.

Қазір ағылшын тілі бастауыш сыныптан бастап оқытылады. Бұл баланың даму ерекшелігіне байланысты жасалған қадам. Себебі бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен әзірленген 2015-2020 жылдары үш тілде білім беруді дамыту жол картасы және іс-шаралар жоспары негізінде облыста үш тілде білім беруді дамытудың жоспары бекітілді. Үш тілде білім беруді енгізу бойынша ата-ана мен халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы үнемі жүргізілуде.
 
Білім беру ұйымдарында ағылшын тілінде білім алушылардың тақырыптық үйірмелік және жобалау қызметі, жазғы тіл мектебін жүргізу жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда. 2019-2020 оқу жылында облыста 379 мемлекеттік білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Соның 259-ы қазақ, 36-ы орыс (9,49%), 84-і аралас мектеп. 72 126 оқушы (67,71%) қазақ тілінде, ал 34 399 оқушы (32,29%) орыс тілінде білім алады.
"Облыстағы 148 мектепте пилоттық режимде жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту элементі енгізілді. Онда 359 пән мұғалімі ағылшын тілінде сабақ жүргізуде. Осы пилоттық мектептердің физика, химия, биология, информатика пәндері мұғалімдері біліктілікті арттырудың тілдік курстарынан өтті. Сонымен қатар, тиісті сертификаттары мен дипломдары бар мұғалімдерге екі базалық лауазымдық жалақы көлемінде қосымша ақы төленуде. Қазіргі мұғалімдерді курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында менторлық курстар, терминология бойынша факультативтер ұйымдастырылуда", - делінген хабарламада.
 

Өзгелердің жаңалығы