Халықаралық форум жас көшбасшыларды анықтайды

29 Қараша 2019, 16:10
2514
Бөлісу:
Халықаралық форум жас көшбасшыларды анықтайды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде "Студенттер мен жас ұстаздардың ТДМ-2030 іске асырудағы үлесі" халықаралық форумының екінші күні өтіп жатыр.

2018 жылдың 24 қыркүйегінде БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттереш "Жастар 2030: БҰҰ жастар стратегиясы" жобасын таныстырғанда, жаһандық және ұлттық деңгейде 2030 жылға дейін Тұрақты даму мақсаттарын дамытуға және саясатына жастарды тартуға шақырды. "Мақсаттарды іске асыру олардың құқығы және өкілеттігіне байланысты. Сондықтан оларды қолдап, дамыту, сондай-ақ тарту және таңдау жасату керек" деп атап өткен.

"Жасыл" экономика және G-Global дамыту коалициясы төрайымы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрайымы, ҚР президенті жанындағы "Жасыл" экономикаға көшу жөніндегі кеңес мүшесі Салтанат Рахымбекова   "Қазақстан жастары ТДМ-2030 үшін" тақырыбында баяндама жасады.

Салтанат Рахымбекова форумға жиналған жастарға БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттары туралы толығырақ айтып берді.

40949a9e-6774-41b5-8e69-f348e490adac.jpg

2015 жылдың 25 қыркүйегінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің барлығы қатысқан БҰҰ саммиті өтті. Жиында бұдан әрі жаһандық даму үшін "Біздің әлемді қайта құру: 2030 жылға дейінгі мерзімде тұрақты даму саласындағы күн тәртібі" деген жаңа құжат қабылданды. Сол кезде Нью-Йоркте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев БҰҰ мүше мемлекеттердің басшыларымен қоса қол қойды. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) 2030 жылға дейінгі мақсаттар мен индикаторлардың кешенді, бірегей жиынтығы бола отырып, азаматтардың өмір сүру сапасын, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттің экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Тұрақты даму мақсаттарының 2030 жылға дейін орындалуы керек 17 мақсаты бар. Сонымен қатар 169 мәселесі мен 242 индикаторы бар, - деді ол.
G-Global халықаралық хатшылығы, ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы қоры, "Жасыл" экономика және G-Global дамыту коалициясы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ БҰҰ бастамасын қолдайды және осы халықаралық жастар форумын ұйымдастырып отыр.
ТДМ халықаралық ұйымдардың қызметінде басымдық беріліп, көптеген мемлекет өздерінің ұлттық стратегияларын соған сәйкес әзірлейді. Бұл – үлкен нәтиже және соңғы жарты ғасырдағы халықаралық ынтымақтастықтың құжат, барлық елдің саясаттарының ортақ белгісі. 2030-тәртібі бәсеке, планеталық экологиялық және климаттық кризис кезінде жаһандық ынтымақтастық елдердің саяси мәдениетіне айналып келеді. 2030-тәртібін мемлекеттердің үкіметі азаматтық қоғам мен жеке сектордың қатысуынсыз іске асыра алмайды. Және үкіметтер ТДМ жоспарын ауқымды түрде қолға алған болса, онда азаматтық қоғам өзін осы процесте табу керек. Тиісті әлеуметтік инновациялар тауып, "жасыл" және әлеуметтік-жауапкершілік бизнес кеңейту керек, - деді төрайым.
Салтанат Рахымбекованың айтуынша, қазіргі таңда елімізде аталған 17 мақсатты орындау мақсатында 5 ведомствоаралық топ құрылып, жеке-жеке министрліктерге бекітілген.
Қазақстанда 5 ведомствоаралық топ құрылып, барлық 17 мақсатқа сәйкес топтастырылды. 5 топтағы әр мақсат жеке министрге белгіленген: №1-5 мақсаттар "Адамдар" тобы (ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі), №7-11 мақсаттар "Көркею" тобы (ҚР ұлттық экономика министрі), №6,12-15 мақсаттар "Ғаламшар" тобы (ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі), №16 мақсат "Әлем" тобы (ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі), №17 мақсат "Серіктестік" тобы (ҚР Сыртқы істер министрі), - деді Рахымбекова.
Сонымен қатар, өзара басқарып отырған Коалицияның мақсаты мен жобалары туралы айтып берді.

1ae1d59f-3686-437b-876b-4fe4f2a932d1.jpg

"2019 жылы "Жасыл" экономика және G-Global дамыту коалициясы Қазақстанда ТДМ үшін үздік азаматтық бастамалар мен тәжірибелерді қолдау мақсатында "Қазақстандағы ТДМ-2030 қоғамдық институты" жобасын ұсынды.

Жобаның мақсаты – елімізге ТДМ-2030 17 мақсаты мен олардың 230 индикаторына қол жеткізуге көмектесетін жеке және заңды тұлғалардың үздік тәжірибелері мен бастамаларын анықтау және насихаттау, үздік жобаларға қоғам назарын аудару, қаржыландыру, инвесторлар мен демеушілерді тарту. Біз азаматтық қоғамның іске асқан және қазір жұмыс істеп тұрған үздік жобаларын (үкіметтік емес ұйымдар, бизнес, ғылым, білім, ақпараттық жобалар және БАҚ), салалар мен аймақ үшін тиімді шараларды жинаймыз. Қазақстандағы ТДМ-2030 қоғамдық институты жыл сайынғы "Ауыл әйелдері арасындағы ТДМ-2030 көшбасшылары" және "Жастар арасындағы ТДМ-2030 көшбасшылары" екі жобасын құрды, - деді ол.
Осы жылдың 7 қарашасында еліміздің әр өңірінен келген ауыл әйелдерінің ІІ форумы өтіп, онда ТДМ-2030 17 мақсатына үлес қосқан көшбасшы әйелдер марапатталған.
2019 жылы біз Қазақстанның 14 облысындағы ауыл әйелдерінің ішінен лайықты ТДМ-2030 көшбасшыларын анықтадық. Олар кедейлікпен күрес, климатты өзгерту, теңсіздікті жою және т.б. күреске үлес қосып отыр. 2019 жылдың 7 қарашасында Қазақстан ауыл әйелдерінің ІІ форумы аясында Қазақстан ауыл әйелдері арасында ТДМ-2030 көшбасшыларына сертификаттар табыстап, естелік мүсіншелер табыстадық, - деді төрайым.
Салтанат Рахымбекова бүгінгі форумның қандай жоба аясында іске асырылып жатқаны және жастардың бастамалары қалай қолдау табатыны туралы толық баяндады.
Ал "2030 жылға дейін Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға студенттер мен жас ұстаздардың үлесі" халықаралық форумының сессиясында "Қазақстан жастары арасындағы ТДМ-2030 көшбасшылары" жобасын таныстырдық. Жоба 2030 жылға дейінгі ТДМ күн тәртібі туралы жастардың хабардар болуын арттыру және насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар, "Қазақстан жастары арасындағы ТДМ-2030 көшбасшылары" бағдарламасын іске асыру қазақстандық жастарға жаһандық проблемалар мен оларды шешу механизмдері туралы ақпараттандырып, сондай-ақ жастарды қоғамдық шараларға қатыстыру арқылы ТДМ іске асыруға жастарды тартуға бағытталған. Бағдарлама аясында Қазақстан атынан ТДМ Жастар елшісі – азаматтық қоғамның 17 жас өкілі анықталады. Олар адамзат проблемаларын шешу үшін өзінің қатарластарын белсенді болуға шақырып, ақпарат беруге бағытталады. Мұндай көшбасшылар 18-30 жас аралығында болуы керек. Олар көшбасшылық қасиетке, көпшілік алдында сөйлеуге, блоггингке бейім бола отырып, ТДМ бір мақсатына ұлттық деңгейде үлес қоса білу керек. Осылайша біздің бастамамыз ТДМ көшбасшыларына PR-медиалық және қоғамдық қолдау білдіруге, жеке және заңды тұлғалардың жобаларын анықтауға бағытталады, - деді ол.
Форум аясында жас көшбасылар мараматталды.

2e8bfeab-d722-43e5-91f9-83a89c4fb55c.jpg
Көпшілік ел мен адамзаттық проблемаларын шешуге елеулі үлес қосқысы келеді, тек олар оны қалай жасауды білмейді. Коалицияның бастамасы аясында біз форумға елімізде өз жобаларымен танымал, конкурстардың жеңімпазы, азаматтық қоғамның белсені мүшелерін шақырдық. Олар Қазақстан жастары аралығында ТДМ-2030 көшбасшылары бола алады, - деп түйіндеді сөзін "Жасыл" экономика және G-Global дамыту коалициясы төрайымы Салтанат Рахымбекова.

Өзгелердің жаңалығы