Үстіртте сирек кездесетін Батыс Азия барысы фототұзаққа түсті

15 Сәуір 2025, 05:48
327
Бөлісу:
Үстіртте сирек кездесетін Батыс Азия барысы фототұзаққа түсті
Фото: depositphotos.com

Қызыл кітапқа енген Батыс Азия барысы Үстірт мемлекеттік табиғи резерватында суретке түсірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.

Өткен жылдың 29 қазаны мен 21 желтоқсаны аралығында барыс төрт рет камераға түсірілген.

Батыс Азия барысы бесінші рет камераға түсіріліп, жабайы табиғаттың қайталанбас сұлулығын паш етті. Фототұзақ Батыс Азия барысын зерттеу және қорғау жөніндегі халықаралық жоба аясында орнатылды. Бұл деректер Үстірт қорығының осы сирек түрдің маңызды мекені екенін растайды, – деп хабарлады комитет өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы