Қаза тапқандар арасында музыкант, банкир және шенеунік бар. Доминикан Республикасының астанасы Санто-Домингода түнгі клубтың шатыры опырылып түсті. 27 адамның қайтыс болғаны анықталды, қирандылар астында әлі де адамдар болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қайғылы оқиға Jet SetВо түнгі клубында танымал орындаушы Рубби Перестің концерті кезінде болды. Онда 800-ге жуық адам жиналды.
Төтенше жағдай кезінде барлығы 150-ден астам адам зардап шекті, оның ішінде құлаған кезде сахнада болған әншінің өзі де бар. Ол ауруханада жатыр. Қайтыс болғандар арасында музыкант, банкир және шенеунік бар екені хабарланды.
Төтенше жағдайлар орталығының қызметкерлері құтқару жұмыстарын жалғастыруда; үйінділер астында адамдар қалуы мүмкін.
Доминикандықтар Олимпиада орталығында құрылған мобильді бөлімшеде жаралылар үшін жаппай қан тапсыруда.