Павлодарлық фермерлер елордаға 160 тонна өнім жеткізеді

3 Шілде 2019, 18:51
1131
Бөлісу:
Павлодарлық фермерлер елордаға 160 тонна өнім жеткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық фермерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына 160 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі екі күн жұмыс істейді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жәрмеңке «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда өтеді.

«6 және 7 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 70-тен астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны қатысады. Оның ішінде 60 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 20 тонна сүт және 80 тонна бакалея өнімдері: жармалар, ұн, нан-тоқаш өнімдері, бал, өсімдік майы жеткізіледі», - деп атап өтті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Елордаға өз өнімдерін Қазақстаннан басқа елдерде де танылған «Рубиком», «КЭММИ», «Галицкое», «Крендель» ЖШС ұсынады. «Ақжар Өндіріс» ЖШС бір тонна қымыз және бір тонна консервіленген ет жеткізеді.

Өзгелердің жаңалығы