Шымкенттіктер қалай дауыс беруді біледі екен – халықаралық бақылаушы

9 Маусым 2019, 20:19
2146
Бөлісу:
Шымкенттіктер қалай дауыс беруді біледі екен – халықаралық бақылаушы
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкенттік сайлаушылар қалай дауыс беру керегін біледі екен. Сайлаудың ұйымдастырылуы да жақсы. 9 маусым – ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына АҚШ-тан келген халықаралық бақылаушы Владимир Сокор осындай пікір айтты.

Ол Қазақстанға халықаралық бақылаушы ретінде штаб пәтері АҚШ-тың Вашингтон қаласынла орналасқан халықаралық сауда және инвестиция орталығынан келіпті. Бұл орталықтан АҚШ-қа халықаралық бақылаушы ретінде барлығы алты бақылаушы келген. Соның ішінде Владимир Сокор Шымкентті таңдапты. Қалғандары Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында жүр.

"Барлығы тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Сайлау процесінің ұйымдастырылуы жақсы. Ешкім айқайламайды, бәрі де бюллетенді қалай алып, қайда кіріп дауыс беретінін біледі. Екі сайлау учаскесінен полиция формасындағы адамдарды көрдім. Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінен, олардың неліктен жүргенін, қысым жасап жатыр ма, жоқ па екенін сұрағанымда бұл адамдардың өз тұрғылықты мекенжайы бойынша дауыс беруге келгендерін айтты", - дейді Владимир Сокор.

Ол мұның алдын оңтүстік өңіріне, соның ішінде Шымкентке алғашқы сапары.

"Қазақстанның оңтүстік өңіріне алғаш келуім. Бұған дейін екі рет Қазақстандағы сайлауларға халықаралық бақылаушы ретінде қатыстым. Бұрынғы Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында, Өскеменде, Семейде болдым. Егер салыстыра қарасақ, оңтүстіктегі сайлаудың өтуі жақсы. Қазақстаннан бөлек, Молдовада 1994 жылы бақылаушы болдым", - деді Владимир Сокор.

Айта кетсек, Шымкент қалалық сайлау комиссиясының берген дерегінше, 9 маусым – ҚР президентінің кезектен тыс сайлауында Шымкентте 260 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Олардың 19-ы жабық сайлау учаскесі саналса, қалған 25 сайлау учаскесі жаңадан ашылған. Осы 260 сайлау учаскесіне 568 794 сайлаушы тіркелген. Сол 260 сайлау учаскесінің 113-інде тіркелген сайлаушылар саны 2 500-3 000 адам арасында болып отыр.

Сайлау процесін саяси партиялардан 238 адам, қоғамдық ұйымдардан 534 адам және 26 шетелдік бақылаушы қадағалап жатыр.


Өзгелердің жаңалығы