Зухра Ирназарова нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

28 Тамыз 2023, 13:07
1490
Бөлісу:
Зухра Ирназарова нысана көздеуден әлем чемпионы атанды
PHOTO
Фото: МСМ баспасөз қызметі

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында мергендеріміз алтын және күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеу бойынша финалға екі отандасымыз - Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова шығып, бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен ақтық сында Зухра Ирназарова 6:3 есебімен басым түсті.

Зухра Ирназарова нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

Айта кетейін, бұл жаттығу Олимпиаданың бағдарламасына кірмейді, бірақ Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азиада-2023 тізімінде бар.

Зухра Ирназарова нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

Зухра мен Александраны және бүкіл Қазақстан құрамасын керемет нәтижемен құттықтаймын! Бакуде елдің намысын қорғайтын мергендерімізге қалған жарыс күндері осындай жоғары нәтижеге қол жеткізулерін тілеймін. Естеріңізге сала кетейін, қазір біздің команданың қоржынында үш медаль бар. Сондай-ақ, мергендеріміз Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін күресуде. Оларға сәттілік тілейміз, - дейді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Өзгелердің жаңалығы