«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн». Елімізде республикалық акция өтіп жатыр

3 Желтоқсан 2023, 10:33
770
Бөлісу:
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн». Елімізде республикалық акция өтіп жатыр
Фото: Түркістан облысы Полиция Департаменті

Түркістан облысында зорлық-зомбылыққа қарсы жиналыстар ұйымдастырылып, плакаттар ілініп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісай ауданының полицейлері «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!» ұранымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында, ауқымды шаралар ұйымдастыруда.

Мәселен Жетісай аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Жанна Шалбекова, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, әйелдердің құқығын қорғау мақсатында, халық көп шоғырланатын аумақтарда, базарларда, сауда үйлерінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңының негізгі ережелерін түсіндіріп, ақпарат берді.

Сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау құрылымдарының қызметін жақсарту, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін күшейту мақсатында аудан аумағында плакаттар ілініп, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Оған қоса Жетісай қаласындағы Қ.Сәтбаев, Д.Қонаев мектептерінің ата-аналарымен жиналыс өткізіліп, қоғамдағы проблемалық мәселелер көтеріліп, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Сонымен қатар оларды шешу жолдары қарастырылды. Осы ретте жетісайлық полицейлер акциядан бөлек, күнделікті профилактикалық сипаттағы жұмыстарды атқарып келеді. Өңірде қазір «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы өтіп жатыр. Шара аясында ондаған кездесу өткізген полицейлер қалың бұқараны «үнсіз қалмауға» үндейді. Яғни тұрмыстық зорлық-зомбылыққа «отбасылық мәселе» ретінде қарамай, қиын жағдайға душар болғандарға қол ұшын беру маңызды. 
 

Өзгелердің жаңалығы