Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері қаралды.
Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнар Бижанова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын бірінші оқылымда таныстырды.
Депутаттың айтуынша, 2018 жылғы маусымда зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бірдеңгейлі жүйесін құруды, мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін оңтайландыруды, тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы институтын және тауар белгілеріне өтінімдер жариялау тетігін енгізуді көздейтін заң қабылданды.
Бұл заң жобасымен жұмыс зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіруге кезекті қадам болды. Бұл процесс ұлттық заңнаманы халықаралық шарттармен үлестіру қажеттілігіне негізделген. Қазіргі уақытта еліміз 19 халықаралық шартқа және 25 өңірлік келісімге қатысушы. Осыған байланысты 2020 жылы Парламент Мәжілісі Әділет министрлігіне осы саладағы құқық қолдану практикасына талдау жүргізуді ұсынды. Оның қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірленді, - Гүлнар Бижанова Сенатта.
Бұл жұмыстың нәтижелері Парламент Мәжілісінің депутаттарына таныстырылып, егжей-тегжейлі талқылаудан кейін заңнамалық бастаманың негізіне алынды.
Заң жобасын іске асырудан күтілетін нәтижелер:
- Қазақстанда зияткерлік меншік нарығын дамыту;
- авторлық құқық объектілерін қорғауды заңнамалық реттеудегі құқықтық олқылықтарды жою;
- зияткерлік меншік авторлары мен құқық иеленушілерінің мүдделері мен кепілдіктерін қамтамасыз ету;
- тұлғалардың осал санаттарының құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру.
Сонымен қатар заң жобасында халыққа мемлекет кепілдік берген заң көмегін 2025 жылға қарай екі есеге ұлғайту жөніндегі міндетті шешу ұсынылады. Жол картасын орындау үшін 2022-2024 жылдарға республикалық бюджеттен 8,7 млрд теңге бөлінді. Түзетулер 12 мыңнан астам мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге, заң консультанттарын тартуға бағытталған. Сондай-ақ халықтың мұқтаж топтарын қамтуға көмектеседі. Бұл құқықтық мәселелерді шешу тиімділігін арттыруға, түрлі инстанцияларға жүгіне санын азайтуға ақпал етеді, - деп толықтырды Мәжіліс депутаты.
Онымен қоса азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделерді қорғау қарастырылады. Бұл ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге алименттер өндіріп алу мәселелері бойынша даулар. Сондай-ақ құқықтық кеңес беру түрінде. Бұл тұлғаларға көп балалы және аз қамтылған отбасылар, тұрмыстық жыныстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, терроризм актісі ісіне не азаптауға ұшыраған жеке тұлғалар.
Сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға жеңілдік бойынша теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс-қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар, т.б. осындай көмекке құқығы бар адамдар тобы кеңейіп жатыр, - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанова.
Сенат депутаттары заң жобасын талқылап болғаннан кейін шешім қабылдау үшін дауысқа салды. Нәтижесінде сенаторлар қаулыны қабылдады. Сенаттың отырысында 10 минут үзіліс жарияланып, бас комитет заң жобасын екінші оқылымға әзірледі.
Екінші оқылымда заң жобасы қаралғаннан кейін сенаторлар құжатты дауысқа салып, заңды қабылдады.