Зиянды «химия»: жылдам дайындалатын кеспенің қаупі анықталды

4 Қазан 2019, 22:24
3636
Бөлісу:
Зиянды «химия»: жылдам дайындалатын кеспенің қаупі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылдам дайындалатын кеспе өндіретін 15 танымал сауда белгілерін Ресейсапа 170 көрсеткіш бойынша тексерді. Бұл туралы mir24.tv сайтында хабарланды. 

Тексеру нәтижесі көңіл қуантарлық емес. Ешбір үлгі сапа талабына сай емес болып шыққан. Мамандар кеспе құрамынан қауіпті пестицидтер мен канцерогендерді тапты.

«Кеспе құрамында көгеру нәтижесінде пайда болатын саңырауқұлақ уы табылды», - дейді Ресейсапа баспасөз хатшысы Яна Ширяева. 

РесейСапа кеспенің өзінде де, тағамдық қоспасында да денсаулыққа зиянды заттар бар екенін айтады. Мысалы, бензонат натрия, Е-211 тағамдық қоспасы С дәріменімен байланысқа түскенде денсаулыққа қауіпті бензол канцерогені пайда болуы мүмкін. Әсіресе транс-майлар денсаулыққа аса қауіпті. Ол жүрек қан-тамырлары жүйесі мен ми қызметін бұзып, семіздікке алып келеді. 

Кеспе жасаудың ең тиімді әдісі – апаларымыздан қалған әдіс: ұн, су, жұмыртқа мен тұз қосып қамыр илеп, 20 минуттан кейін кеспе кесе беруге болады. Бұл – кеспенің денсаулыққа ең қауіпсіз түрі. 

Бұл әдіс студенттер, саяхатшылар мен кеңсе қызметкерлері үшін қолайсыз. 

Талапты бұзған сауда белгілері туралы мәліметтерді Ресейсапа бақылау-қадағалау органдарына жібертіп, қосымша тексерістен өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы