Жыныстық зорлық жасауға әрекеттенгендер де қылмыстық жазаға тартылады – министр

20 Мамыр 2022, 12:53
1177
Бөлісу:
Жыныстық зорлық жасауға әрекеттенгендер де қылмыстық жазаға тартылады – министр
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Марат Қожаев  «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі: перспективалары және Даму стратегиясы» халықаралық құқықтық форумның кулуарында айтты.

Жыныстық зорлық жасауға әрекеттену де ауыр қылмысқа жатады. Егер де зорлаушы белгілі бір себептерге байланысты қылмысты орындамаса, бұл қылмыстың болмағанын білдірмейді. Әрбір істі жеке-жеке қарау керек. Қылмыстық жауапкершілік бар. Егер де қылмыскер мұндай жауапкершіліктен құтылып кетсе, қызметтік тексеру жүргізу керек, – деді Ахметжанов.

Министр атағандай, ондай деректер тіркелсе, министрлікке жолдау керек.

Жыныстық зорлауға әрекеттену болып, ол жүзеге асырылмаса да ол жазасын тартады. Егер ондай жағдай орын алса, наряд шақырып оны ұстау керек. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жұмыс істейді, – деді ол.

Министр аталған форум алғаш рет осындай форматта өтіп жатқанын айтты. Проблемалық әдістерді қолдану қоғамның полицияға деген сенімін арттырады.

Форумды  ІІМ БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы және «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп, Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы