Нұр-Сұлтанда ПИК-тер мен лифт мәселелері талқыланды

26 Тамыз 2019, 14:44
1601
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ПИК-тер мен лифт мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық әкімдікте әкімнің орынбасары Нұрлан Нүркеновтің төрағалығымен ПИК-тер мен лифт шаруашылықтары жұмысының проблемалы мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

Қатысушылар тұрғын үй кешендері қамтамасыз етуге қатысты KOMEK109 қалалық орталығына келіп түсетін астаналықтардың өтініштері мен шағымдарын және олардың орындалу барысын талқылады. 

"Жиын барысында іKOMEK109 орталығы басшысының орынбасары Дина Темірғалиева көппәтерлі тұрғын үйлерді қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты өтініштер туралы айтты. Осы жылдың басынан бері 17 852 өтініш, ал 13 тамыз бен 20 тамыз аралығында 454 өтініш келіп түсті, бұл өткен апталардағы өтініштермен салыстырғанда 12,3%-ға көбірек. Өтініштердің көпшілігі сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және санитарлық тазалауға қатысты болды. Атап айтқанда, келіп түскен өтініштердің көп бөлігі «Тұрмыс» ЖШС, «Астана Жил Сервис» ПИК, «Целинный» ПИК, «Лакшери Консьерж Астана» ЖШС сияқты ПИК-терге қатысты келіп түсті", - делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар 13 және 20 тамыз аралығындағы кезеңде iKOMEK109 қалалық орталығына лифт ұйымдарының мәселелері бойынша 60 өтініш қабылданып, олардың 22-сі адамды эвакуациялау туралы өтінішпен лифтінің тоқтап қалуына қатысты келіп түскен. Барлық өтініштердің жартысынан астамы қызмет көрсетуші компанияларға қатысты келіп түсуде. Ағымдағы жылдың басынан бері қала әкімдігі қаланың барлық лифтілерін тексеруден өткізді.

"Нәтижесінде, 78 лифтінің қанағаттанарлықсыз күйде екені, оның ішінде 2 лифтінің пайдалану мерзіміне байланысты тоқтап тұрғаны анықталды. 76 лифтіге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы аудандық әкімдіктермен бірлесіп, электр қозғалтқыштарын, есік роликтерін жөндеу бойынша жұмыс жүргізді, лифтіні тазалау және басқару блогын баптауды орындады.Қазіргі таңда 5 КПТҮ 12 лифтісі ауыстырылды. Сонымен қатар лифт ұйымдары қауымдастығының авариялық қызмет өкілдері тарапынан қызмет машиналарының автобус желісімен қозғалуы туралы мәселе көтерілді", - делінген таратылған ақпаратта.

Тұрғындарды лифтілерден эвакуациялауды жылдамдату мақсатында регламенттік мерзімді азайту тапсырылды. Отырыста КПТҮ қасбеттерінің ахуалына қатысты шағымдар мен өтініштерге айрықша көңіл бөлінді. Ағымдағы жылдың басынан бері iKOMEK109 орталығына 21 тамыздағы деректер бойынша 595 өтініш келіп түсті, оның ішінде 410 өтінім қаптау тақтайларының құлауына, салбырауына және сыртқы қабығын қалпына келтіруге байланысты болды. Әкімнің орынбасары Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына, аудандық әкімдіктерге қасбеттердің қанағаттанарлықсыз күйі бойынша шағымдарды қысқа мерзім ішінде шешу үшін нақты тапсырмалар берді. 

Өзгелердің жаңалығы