Жылыжай шаруашылықтары энергия ресурстары мен тұқымға субсидия алады

4 Қазан 2023, 13:33
598
Бөлісу:
Жылыжай шаруашылықтары энергия ресурстары мен тұқымға субсидия алады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Құжат нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланған, 2023 жылдың 3 қазанынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, жылыжай шаруашылықтары жылынатын өнеркәсіптік жылыжай кешендері мен фермерлік жылыжайларда өсірілетін қорғалған топырақтағы көкөніс дақылдарының бір дақыл айналымына маусымаралық кезеңде электр энергиясына, көмірге және газға арналған шығыстарды субсидиялау арқылы мемлекеттен қолдау ала алады. Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялау нормативтерін жергілікті атқарушы органдар бекітетін болады.

Субсидиялар алу кезінде фермерлік жылыжайларға қойылатын міндетті талап өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының (есебінің) болуы болып табылады. Ұлттық стандартты СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті АШМ, бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірледі және 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енді.

Сертификат алудың барлық мәселелері бойынша СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне хабарласуға болады. Сондай-ақ стандарт сайтта орналастырылған www.new-shop.ksm.kz

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы ретінде жылыжай шаруашылықтарына энергия ресурстарына арналған шығыстарды субсидиялау туралы шешімді Үкімет 2023 жылдың басында Түркістан облысының фермерлері қалың қардан зардап шеккен кезде қабылдаған болатын.

Сондай-ақ, жабық топырақтағы көкөніс дақылдарын өндіруді дамыту үшін тыңайтқыштардың (органикалық), пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау, суармалы су беру жолымен мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады. Бұдан басқа, жылыжай шаруашылықтарына инвестициялық субсидиялау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде шығыстар субсидияланады, бұл ретте субсидиялауды жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде шығындарды өтеуді 25%-дан 30%-ға дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізіледі, - делінген хабарламада.

Тұқымға субсидиялар 30%-ға ұлғайды

Жаңартылған субсидиялау қағидаларында тұқымға арналған субсидиялар нормативтері орта есеппен 30%-ға ұлғайтылды. Бұл мемлекеттік қолдау шарасы нарықтағы тұқым материалының қымбаттауымен байланысты.

Өзгелердің жаңалығы