Жылыту маусымына дайындық: көмір жеткілікті

7 Қыркүйек 2022, 16:06
777
Бөлісу:
Жылыту маусымына дайындық: көмір жеткілікті
Фото: автордан

Ертіс өңірінде энергия тарату кәсіпорындарында көмір қоры жеткілікті, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Павлодар облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаурашылығы басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, жылу орталықтарында жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта энергия көздеріндегі негізгі 38 жабдықты жөндеу жоспарланған. Осы күнге дейін 15-де жұмыстар аяқталды.

Жылу орталықтарының қоймаларында 1,5 млн. тонна көмір жиналды. Әр станцияда 10 күндік қор сақтаулы. Коммуналдық-тұрмыстық сектор бойынша көмір кеніштерінің ақпараты бойынша еркін саудадағы қатты отын көлемі жеткілікті. Көмір кеніштерінің алыстығына байланысты көмірдің бір тоннасы 8-20 мың теңге аралығында. Ал қатты отын босатылатын орындарда 10 мың тонна көмір бар. Сатып алуға болады, - дейді жауапты мекеме өкілдері. 

Десе де, сала мамандары тұрғындарға суық күндердің түсін күтпей-ық, отын қорын қазірден бастап әзірлеуге кеңес береді. 

Әлеуметтік мекемелерде көмір тасымалдау бойынша келісімшарттар дайын. Мектептер мен ауруханаларға қатты отын жоспарға сай тасымалданып жатыр, - деп хабарлады мамандар.

Айта кетейік, өңірдегі көпқабатты үйлердің басым бөлігі жылу маусымына дайындық актілерін алды.

Өзгелердің жаңалығы