Жылыту маусымы: Астанада көмір бағасы қанша

Қала тұрғындары үшін көмір сататын 14 нүкте мен 10 қойма жұмыс істеп тұр.

 Астана қаласы әкімдігі 16 Қыркүйек 2026, 08:57
16 Қыркүйек 2026, 08:57
205
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада биылғы жылыту маусымына арналған көмірдің орташа бағасы белгілі болды.

Қала тұрғындары үшін көмір сататын 14 нүкте мен 10 қойма жұмыс істеп тұр.

Қазіргі таңда көмірдің бір тоннасының орташа бағасы:

  • Шұбаркөл — 19 500 теңге;
  • Қаражыра — 18 800 теңге;
  • Майкүбі — 16 800 теңге.

Көмір сататын нүктелер қажетті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен жабдықталған. Отын саудасын сегіз компания жүзеге асырады.

Көмірдің бағасы, қоры мен сатылымдағы қолжетімділігі туралы ақпаратты 109 бірыңғай байланыс нөмірі арқылы білуге болады.

Наверх