Жылына 150 доллар. Ұлттық қордан балаға берілетін ақшаның көлемі

14 Ақпан 2023, 16:02
2024
Бөлісу:
Жылына 150 доллар. Ұлттық қордан балаға берілетін ақшаның көлемі
Фото: Halyq Uni

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Сенатта өтіп жатқан ұлттық қорға қатысты отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалану үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қордың қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында келесі мәселелерді шешу қажет. Біріншіден, Ұлттық банк активтерін тұрақтандыру мен оның әрі қарай қысқаруына жол бермеу. Екіншіден, бюджеттің теңгерімділігі мен мұнай табыстарының бюджетке тәуелділігін төмендетуді, мұнайға қатысты емес тапшылықты қысқарту қамтамасыз ету. Үшіншіден, Ұлттық қордың активтерін басқару тиімділігін арттыру қажет, - деп атап өтті вице-министр. 

Айтуынша, Ұлттық қордан бала кәмелетке толғанша инвестициялық табыстың жартысын иеленеді. 

Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа толмаған барлық балаға беріледі. Инвестициялық табыстың ықтимал теріс мәнін нивелирлеу мақсатында инвестициялық табыстың мөлшерлемесін алдыңғы кезеңнің орташа жылдық мәні негізінде анықтау жоспарланып отыр. Болжалды бағалауға сәйкес аталған бағдарламаға қатысатын әр бала 18 жасқа толғанша жыл сайын 150-160 доллар көлемінде төлем алады, - деді Дәурен Темірбеков.

Өзгелердің жаңалығы