Жылы киіміңізді шешуге асықпаңыз: бүгін қар аралас жаңбыр жауады

Кеше, 09:25
875
Бөлісу:
Жылы киіміңізді шешуге асықпаңыз: бүгін қар аралас жаңбыр жауады
Фото: Архив BAQ.KZ

21 наурызда Қазақстанның біршама бөлігінде күн күрт бұзылып, жауын жаууы ықтимал. Бұл туралы "Қазгидромет" мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің оңтүстік-шығысында ғана күтіледі.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстік өңірде көктайғақ түрінде ортақ табиғи құбылыстар көрінісі күтіледі, - деп болжанады.

Ал гидрологиялық болжамға келетін болсақ, алдағы тәулікте оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде температуралық фонның жоғарылауына байланысты су деңгейінің ауытқуы байқалады.

Шығыс өзендері мен жазықтарында жауын-шашын мен ауа температурасының жоғарылауына байланысты қардың қарқынды еруі, қызыл судың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, - деп толықтырады "Қазгидромет" РМК.

Өзгелердің жаңалығы