Жылы киімдеріңізді тастамаңыздар: Күн райы қалай өзгереді?

Бүгiн, 17:18
941
Бөлісу:
Жылы киімдеріңізді тастамаңыздар: Күн райы қалай өзгереді?
Фото: BAQ.KZ архив

"Қазгидромет" синоптиктері 13, 14 және 15 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың мәліметінше, республиканың шығыс және орталық бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Ал Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында ауа райына батыс циклоны әсер етіп, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болады деп болжануда.

Еліміздің оңтүстік бөлігінде оңтүстік циклон әсерінен күн ашық болып, бұл аймақтарда ауа райы біршама жылынады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ ел аумағы бойынша тұман түседі деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы